25 тамызда ИнЕУ жоғары колледжінің әкімшілігі мен оқытушылары республикалық тамыз конференциясына қатысты. Естай атындағы мәдениет сарайы биылғы жылы Павлодар қаласының педагогикалық қоғамдастығының өкілдерін ғана емес, Қазақстанның барлық облыстарынан келген делегацияларды қабылдады.
Іс-шараның мақсаты – педагогикалық қоғамдастықпен диалог, білім беру саласындағы қиындықтарды, білім сапасын арттыру мәселелерін талқылау. Конференция басымдықтарын анықтап, алдағы оқу жылына мақсаттарды белгіледі.
Осылайша, бизнес пен колледждердің өзара әрекеттестігіне, олардың негізінде кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту қажеттілігіне, дуальды оқытуды енгізуді жалғастыруға, ТжКБ жүйесін цифрландыруды дамытуға, білім беруді басқаруға, кадрлық ресурстарға, және тағы басқаларға баса назар аударылды.
Тамыз конференциясы Қазақстанның барлық мұғалімдері үшін жаңа оқу жылы басталатын жыл сайынғы маңызды оқиға болып табылады. Қойылған талаптар мен жоспарланған мақсаттарға жету үшін ұстаздар қауымына сәттілік тілейміз!
Жаңа оқу жылы жемісті де жеңісті болсын!