ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Ташекенова А.У - мен Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен студенттері Ұлттық киімді дәріптеу,ұдайы киіп насихаттау мақсатын бейнеролик түсірген болатын.
Президент сонымен бірге Қазақстанда ұлттық мәдениетті дамыту керегін айтты.
"Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз. Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты", - деді ол.

https://vkineu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/03/whatsapp-video-2024-03-19-at-14.05.32.mp4https://vkineu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/03/vid-20240321-wa0003.mp4