Павлодар · Инновациялық Еуразия университеті
Кері байланыс+7 (7182) 67-30-70

Қолжетімділік баптаулары

Баптаулар осы браузерде сақталады. Панельді жабу режимді өшірмейді.

Мәтін өлшемі
Түс схемасы
Қаріп
Аралықтар
Суреттер
Дауыстап оқу

Негізгі мәтін, соның ішінде жабық бөлімдер оқылады. Тілдер мен дауыстар браузер мен құрылғыға байланысты.

ИнЕУ Жоғары колледжі

Жалпы мәліметтер

Ақпарат пен құжаттар

Жалпы ақпарат

«Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ИнЕУЖК) Павлодар облысының ірі, көп салалы оқу мекемесі. Білім ордасы еңбек нарығында сұранысқа ие 27 мамандық бойынша мамандар даярлайды, өз қызметін техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметіне 2025 жылғы 25.02 берілген № KZ32LAM00000981 Мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады.

Лицензияның жарамдылық мерзімі – шектеусіз.

Сапаны қамтамасыз
ету саласындағы саясат
Колледжді аттестаттау туралы бұйрық КОЛЛЕДЖ ЖАРҒЫСЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТА ТIРКЕУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА ҚАРАЖАТ ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ КОЛЛЕДЖ СТРАТЕГИЯСЫ ЛИЦЕНЗИЯ
ИнЕУ Жоғары колледжінің миссиясы

ИННОВАЦИЯ МЕН ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫ ДАЙЫНДАУ

Колледждің материалдық-техникалық жабдықталуы білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға жағдай жасайды, және қазіргі заман талаптары мен стандарттарына жауап береді.
Колледждегі оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған оқу кабинеттері мен зертханалар саны жеткілікті. 14 компьютер сыныбы, 7 оқу-өндірістік шеберханалар, тас қалаушылар полигоны, 3 спорт залы, стадион, акт залы конференц-зал, денсаулық пункті, асхана және қосымша кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған.

w53yu56ufj56
uil78gfk7
sgh6aeg34cg
re254fr635
qgrq2513
mosika 00002
mosika 00001
IMG_1486
20130805_155043
20130805_154959
2013-08-02 16.16.00
wet3trg5gsu56

Previous Next

Колледжде оқу процесі жаңа ақпараттық және білім беру технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оқу аудиториялары әдістемелік және анықтамалық материалдармен, көрнекі құралдар және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған, олар студенттерге өз практикалық дағдыларын арттыруға көмектеседі.
Электрондық оқулықтар, ашық білім беру қорлары, виртуалды зертханалар, әр түрлі тасушыларда мультимедиялық элективті курстар – оқу процесінің сапасына жетудің маңызды құралдары.
Оқу-тәрбие процесi мен колледждi басқаруды ақпараттандыру компьютерлiк парктермен қамтамасыз етiлген.
Қазіргі компьютерлік техника, қолданбалы бағдарламалардың үлкен пакеті, Интернет-қорларына жедел қол жетімдік еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маманды даярлауда қажетті құрал болып келеді.
Студенттердің жүйелі ұйымдастырылған ғылыми-практикалық және жобалау іс-әрекеті олардың жетекші қадыр-қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіреді, ақпараттық, коммуникативтік және зерттеу құзыреттіліктерін арттырады.
Болашақ мамандарды даярлаудың сапасын, колледждің, өз кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіретін, жоғары білікті оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.