Павлодар · Инновациялық Еуразия университеті
Кері байланыс+7 (7182) 67-30-70

Қолжетімділік баптаулары

Баптаулар осы браузерде сақталады. Панельді жабу режимді өшірмейді.

Мәтін өлшемі
Түс схемасы
Қаріп
Аралықтар
Суреттер
Дауыстап оқу

Негізгі мәтін, соның ішінде жабық бөлімдер оқылады. Тілдер мен дауыстар браузер мен құрылғыға байланысты.

ИнЕУ Жоғары колледжі

Cтудентке

Колледждегі оқу мен өмір: жеке кабинет, сабақ кестесі, тәжірибе, емтихандар және пайдалы құжаттар.

01Жеке кабинетОқуға өту↗02Оқу процесіКесте және құжаттар↗03Студенттік өмірОқиғалар мен мүмкіндіктер↗

Осы бөлімде

Барлығы: 4

Ақпарат пен құжаттар

Жалпы ақпарат

Құрметті Инновациялық Еуразия Университеті Жоғары Колледжінің студенттері!

Сіздер жоғары білім жүйесіндегі ауқымды өзгерістермен және еліміздің жаңарып жатқан үдерісімен бірге жетіліп, өзгеріп және өсіп келе жатқан оқу мекемесін таңдадыңыздар. Сіздердің білім алуларыңызға тиімді жағдай жасау үшін, басшылық үнемі колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп отырады.
Оқу үдерісінде білім беруге арналған техникалық құралдар кең түрде пайдаланылады. Сабақтарда студенттерге техникалық құралдарды пайдалана отырып, слайд-фильмдер, бейнефильмдер, оқыту бағдарламаларын, тестілеу бағдарламаларын қолданады.
Оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл оқу мекемесі мәртебесінің өсуіне жасалған кейбір қадамдар болып табылады. Сонымен қатар алдымызға қойып отырған басты міндеттеріміздің бірі колледждің ғылыми потенциалын ұлғайту болып келеді. Осыған орай оқытушылар мен студенттердің ғылыми қоғамы құрылды. Оның міндеті – интеллектуалдық еңбекке икемділігі аясында өз ойын білдіруге және өзін жетілдіруге ынтасы бар дарынды, қабілетті студенттерді жалпы ғылыми қызығушылықтары негізінде біріктіру.
Біз студенттерді өздерінің зерттеушілік қабілеттерін белсенді түрде көрсетуге, өзіне ғылыми конференциялар мен олимпиадалар әлемін ашуға шақырамыз. Сіздер ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференцияларға және олимпиадаларға қатыса отырып, Қазақстанның, сонымен қатар әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірі боласыздар.
ИнЕУ Жоғары Колледжі және колледждің барлық оқытушылары өз тарапынан сіздің біліктілігі жоғары маман болып қалыптасуыңызға және Қазақстанның кәсіптік білімі бар элитасының қатарына енуіңізге барынша жағдай жасайды.

Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжі студенттерінің ар-намыс кодексі

Мен, Инновациялық Еуразия университеті Жоғары колледжінің студентімін, Колледждің біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандар даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, корпоративтік мәдениетті, студенттік қоғамды қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде ИнЕУ Жоғары Колледжінің имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, ИнЕУ Жоғары колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындауды міндетім деп танимын.

1 бап. ҚР заңнамасын, ИнЕУЖК Жарғысын, ішкі тәртіп ережесінжәне Колледждің нормативтік актілерін сақтау.
2 бап. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары академиялық мәдениетті қолдауға көңіл бөлу. Кез келген түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.
3 бап. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін ескере отырып, оқыту мен білімді бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау.
4 бап. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекілік көрсетпеу.
5 бап. Колледж мәртебесіне немесе студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс әрекеттен аулақ болу.
6 бап. Әр түрлі зиянды әдеттерден бас тарту.
7 бап. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру және вандализмге жол бермеу.
8 бап. Сыртқы киім үлгісі этикалық нормаларға сай болуы қажет және оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.

Оқу үрдісі

Сабақ кестесі

Қоңырау кестесі

Сынып сағаттарының кестесі.

Қорытынды аттестация

Аралық аттестаттау

тәжірибе

ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КЕСТЕСІ
күндізгі

Ішкі тәртіп ережелері

қарау

ИнЕУ Жоғары Колледжінде күндізгі және сырттай оқыту түрінің оқу үрдісін ұйымдастыру ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес жүзеге асады және оқу жұмыс жоспарымен, оқу үрдісінің кестесімен, мамандық бойынша сабақ кестесімен реттеледі.
Оқу жұмыс жоспарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалды.
Күндізгі оқыту түрі бойынша негізгі оқу сабақтарының түрлері: сабақ, дәріс, семинар, тәжірибешілік сабақтар, зертханалық жұмыс, бақылау жұмысы, өздік жұмыс, кеңес, тәжірибе, курстық жұмыс болып табылады.
Күндізгі бөлімде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады 2015-2026 оқу жылына арналған оқу үдерісінің кестесі (күндізгі), 2015-2026 оқу жылына арналған оқу үдерісінің кестесі (сырттай) сәйкес аяқталады. Студенттердің оқу-өндірістік, технологиялық және дипломалды тәжірибесі мекемелер мен ұйымдарда колледж бен ұйымдар арасында жасасқан әлеуметтік әріптестік шарты негізінде өткізіледі.
Күндізгі оқу бөлімі студенттерінің:
- Қазақстан Республикасының орта кәсіптік білім Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
- қосымша, оның ішінде ақылы білім қызметтерін алуға;
- жатақханадан орынмен қамтамасыз етілуге;
құқығы бар.
Мамандық бойынша көрсетілген мерзімде дәлелсіз себеппен оқу жұмыс жоспарын орындамағаны үшін, колледж жарғысында қарастырылған міндеттерін орындамағанда, ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда студенттерге колледжден шығарып жіберуге дейінгі тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Қоңырау кестесі

Оқытудың байланыс нысаны

1 ағын
№ Сабақтың басы Сабақтың соңы үзіліс
1 8:00 9:30 10 мин.
2 9:40 11:10 20 мин.
3 11:20 13:00 40 мин.
4 13:40 15:10 10 мин.
5 15:20 16:50 10 мин.
6 17:00 18:30 5 мин.
7 18:40 20:10
НҰСҚАУЛЫҚ

қорытынды мемлекеттік аттестаттауды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Жүктеу
МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА СҰРАҚТАР
Жүктеу
Алдын ала қорғау және Дипломдық жобаларды қорғау кестелері

Ақпараттық технологиялар бөлімі

Энергетикалық бөлім

Политехникалық бөлім

Гуманитарлық бөлім

Гуманитарлық бөлім

Сырттай бөлім

Аралық аттестаттау

Ақпараттық технологиялар бөлімі

Энергетикалық бөлім

Политехникалық бөлім

Гуманитарлық бөлім

Экономикалық бөлім

Бейне және қосымша материалдар

СТУДЕНТКЕ

Жеке кабинет

Оқу үрдісі

Ғылыми қоғам

Студенттік өмір

Халықаралық ынтымақтастық

мен сұрақ қойғым келеді