Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында тарих пәнінің оқытушысы Малгаждаров Қ.А. «Тәуелсіздік тұғыры» атты интеллектуалды брейн-ринг ойынын өткізді. Ойын «Тәуелсіздік күнін» мерекелеуге орайластырылған. Брейн-рингке әр бөлімшелердің атынан 5 команда қатысты: «Номад» командасы (Ақпараттық технологиялар бөлімі), «Барыс» командасы (Экономикалық бөлім), «Астана» командасы (Политехникалық бөлім), «Ақ Орда» командасы (Энергетикалық бөлім), «Сарыарқа» (Гуманитарлық бөлім). Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: «Анаграмма», «Ассоциация», «Сіз терминдерді білесіз бе?», «Күнді атау», «Суретті болжау», «Бақытты сәт», «Дұрыс-дұрыс емес», «Сәйкестікті орнату», «Сұрақ-жауап». Ойын қорытындысы былай бөлінді: 1 орын «НОМАД» (Ақпараттық технологиялар бөлімі) командасына бұйырды. 2 орын - «АСТАНА» командасы (Политехникалық бөлім). 3-орын - «АК ОРДА» (Энергетикалық бөлім) командасы. 4-орын - «САРЫАРҚА» (Гуманитарлық бөлім) командасы. 5 орын – «БАРЫС» (Экономикалық бөлім) командасы

Ойын тамаша әрі қызықты өтті! Барлық командалар естелік дипломдармен марапатталды. «НОМАД» Ақпараттық технологиялар бөлімінің командасын жеңісімен құттықтаймыз! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!!!