ИнЕУ Жоғары колледжінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы - колледжде қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асырудың ерекшеліктері.

2018 жылдан бастап біздің колледжде орта білімнен кейінгі білім беруге қабылдау жүзеге асырылуда, эксперимент режимінде 0902000 - «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары енгізілді, біліктілігі 0902044 - Электрмен жабдықтаудың қолданбалы бакалавры; 06130100 - «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 5АВ06130101 «Бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданбалы бакалавры».

Талқылауға жұмыс берушілер, түлектер, колледж оқытушылары қатысты.

Кездесу барысында қолданбалы бакалавриат түлектерін қабылдау, оқыту, жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ ҚР-да аталған білім беру деңгейін одан әрі дамыту міндеттері айтылды.