ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Сабина Белгібаева өзінің туған күні қарсаңында сайлауға қатысты. - Бүгін менің туған күнім, дегенмен мен дауыс беру үшін осында келдім. Мен үшін сайлау маңызды болған соң, қуанышты және салтанатты сезімдемін, -деп өз көңіл-күйімен бөлісті.

Ол еліміздің болашағын анықтауда, сайлауға қатысу кез келген азаматтың борышы деп біледі.

Өз учаскесінде дауыс берген студент ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмады. Сайлаушымызға естелікке кішкентай сыйлық тарту етілді.