ИнЕУ Жоғары колледжінің КиЛ-313 тобының студенттері оқу практикасы аясында 2 желтоқсан күні “Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер” және “Тәуелсіздік – ел мұраты” тақырыптары бойынша сабақ өткізіп, екі топ өздеріне берілген тақырыптарға сәйкес презентация дайындап, қорғап шықты. Сабақ барысында студенттер түрлі белсенді әдіс-тәсілдер қолданды: пазл құрастыру, викторина ұйымдастыру, сәйкестендіру тапсырмалары және басқа да интерактивті жұмыс түрлері ұсынылды. Студенттер тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, сабаққа белсенді қатысып, жоғары жауапкершілік танытты. Оқу практикасының жетекшісі: Алибаева М.Ш.
КиЛ-313 тобы «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында оқу практикасын өткізді
← Жаңалықтарға оралу



