2022 жылдың 18 қарашасында ИнЕУ Жоғары колледжінің Гуманитарлық бөлімнің КиЛ 419 тобының ұйымдастыруымен "Күз ханзадасы мен ханшайымы" сайысы өткізілді. Мақсаты: Студенттерге күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, студенттердің білімін,
тапқырлығын, іскерлігін, ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете
білуін, шеберлігін дамыту.
Сайыс бес кезеңнен құрылды:
1-кезең: «Сәлем - сөздің атасы»
2-кезең: «Өнерлі - өрге жүзер»
3-кезең: «Заманауи күз»
4-кезең: «Күш - білімде»
5-кезең: «Күзгі вальс»
Қатысушылар:
Гуманитарлық бөлім: Серғазы Нұрмұхаммед - Орал Альмира
Политехникалық бөлім: Муканов Аслан - Ильчинко Анастасия
Экономикалық бөлім: Мынжасаров Расул - Кожанбаева Адема
Энергетикалық бөлім: Сағадат Фархат - Шокубаева Алина
Қатысушылардың өнерін бағалау үшін әділ-қазы мүшелері тағайындалды. Сайыстың 5
кезеңін тамашалап, қорытынды пікірді ортаға салды. Нәтижесінде "Күз ханзадасы мен ханшайымы" титулына КиЛ-112 тобының студенті Орал Альмира және ФС-122 тобының студенті Серғазы Нұр-мұхаммед ие болды. 1 орын - СЭС - 112 тобының студенті Муканов Аслан және СМС-112 тобының студенті Ильчинко Анастасия. 2 орын - ЭС-122 тобының студенті Сағадат Фархат және ТЭУ-112 тобының студенті Шокубаева Алина. 3 орын - БСД-112 тобының студенттері Мынжасаров Расул және Кожанбаева Адема. Жүлдегерлер арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.



