АТ ЦӘК оқытушылары 26.02.24-01.03.24 ж. ж. аралығында Ақпараттық технологиялар апталығын дайындап, өткізді.

Аптаның жоспарына сәйкес келесі іс шаралар өткізілді:

- "Информатика мамандары" викторинасы;

- Ақпараттық технологиялар бойынша олимпиада;

- Информатика пәнінен олимпиада;

- Бағдарламалау бойынша олимпиада.

АТ ЦӘК оқытушылары апталық аясында ашық сабақтар өткізді:

Хаджимуратов К. С. - ФС-123 тобында "Графика және жобалау"пәні;

Жақсыбаева Д. Е. - ФС-153 тобында "Информатика"пәні бойынша;

Султангазин А. А.- Д-311 тобында "3D графика"пәні бойынша;

Бір апта бойы АТ ЦӘК оқытушылары Информатика, Ақпараттық технологиялар және Бағдарламалау бойынша топтарда олимпиада өткізді. Олимпиадаларға колледждің түрлі мамандықтары мен барлық курстарының студенттері қатысты.

ЭС-222, РПО-113, П-123 топтарының студенттері арасында "Информатика білгірлері" викторинасы өткізілді. Викторина нәтижелері бойынша ЭС-222 тобының студенттері жеңімпаз атанды.

Викторина мен олимпиада жеңімпаздары грамоталармен марапатталды. Аптаның бағдарламасы жоспарға сәйкес орындалды.