Бүгін «Мекенім –жасыл орманым» акциясы #mekenimjasylormanympvl аясында Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенттері, оқытушылары және колледж әкімшілігімен бірлесіп, 20 қарағай көшеттерін отырғызуға қатысты. Бұл акцияда энергетика бөлімі "Электрмен жабдықтау" мамандығының ЭС-110 тобы студенттері белсенділік танытты.

Колледж қызметкерлері мен студенттері отырғызу үшін аумақты алдын ала дайындай отырып, жерді белгілеп, көшеттерге арнайы орындар дайындады.

"Біз үшін өзіміз туралы естелік қалдыру - өз қолымызбен ағаш отырғызу мүмкіндігі туды. Кейін біз осында келіп, оларды балаларымызға көрсететін боламыз, - дейді 1 курс студенті Алмас Әбдіғалиев. - Өте қызықты болды. Студенттер үшін ағаш отырғызу өте қызықты және танымды болды. Барлығы іспен айналысты: біреу шұңқыршалар қазса, енді біреуі ағаштарды құлап кетпес үшін ұстап тұруға көмектесті, тағы біреуі суарды.

Біздің студенттер мен оқытушылар арасында тағы бір ортақ іс пайда болды, енді бірде-бір адамның ағаш бұтағын сындыруға қолы көтерілуі екіталай деген ойдамыз.