Кәсіби мамандар сұлулық байқауын сәттілікке жетелейтін шоу деп атайды. Бұл тамаша, таңқаларлық қойылым, өйткені сұлулықтың өзі таңғажайып және ерекше құбылыс. 2020 жылдың нәтижесінде желтоқсанның 29-ы күні онлайн форматта «ЖК ИнЕУ-2020 аруы» сұлулық байқауы өткізілді.

Жастық, сымбаттылық, сұлулық пен талғампаздық мерекесі.

Байқауға қатысу үшін әр бөлімнен бес қатысушы өтінім білдірді.

1.Кривова АннаФ-110
2.Алькенева АзизаНО-318
3.Төлеген ГүлімВТИПО - 110
4.Бельгибаева СабинаП-239
5.Жұмалин АйгеримТОРОПЗ-110

Іс-шара колледж директоры Ш.А.Тәженовтің құттықтау сөзімен басталды, ол барлық сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Жүргізушілер қазылар алқасын таныстырды. Олар:

1.Ташеков Ш.А.ИнЕУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер басқарма жетекшісі
2.Апаева Ж.К.ЖКИнЕУ тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары
3.Божкова С.А.Колледж әдіскері
4.Савицкая Е.Студенттік кеңестің төрайымы, Ф-219 тобының студенті
5.Бейсов Г.Студенттік кеңестің мүшесі, ТОРО (ПЗ)-219 тобының студенті

Байқау 6 кезеңнен тұрды:

1 «Визит картасы.

2 «Үй тапсырмасы».

3 «Блиц сұрақтар».

4 «Фотосессия».

5 «Дефиле».

Конкурс қарсаңында жарияланған алтыншы кезең лайктар үшін күрес, онлайн дауыс берумен жалғасты!

Нәтижесінде ТОРО (ПЗ) -110 тобының студенті Жұмалин Әйгерім қазылар алқасының мүшелерінің жариялауымен «ЖК ИнЕУ-2020 аруы» байқауының жеңімпазы болып танылды.

Іс-шараға «ИнЕУ аруы -2019» Қарабай Данагүл шақырылды (ол біздің колледждің түлегі), ол өзінің тәжін салтанатты түрде 1-ші орын алған қатысушымыз Жұмалин Әйгерімге ИнЕУ-дің келесі сұлулық байқауында жеңіске жетеді деген үмітпен тапсырды.

Конкурстың титул иелері:

«Колледждің Вице Аруы» - Алькенева Азиза, НО-318 тобының студенті;

«Әсемділік аруы» - Бельгибаева Сабина, П-239 тобының студенті;

«Көрермендер көзайымы» - Төлеген Гүлім, ВТиПО-110 тобының студенті;

«Әртіс ару» - Кривова Анна, Ф-110 тобының студенті.

Байқауға қатысушылар мақтау қағаздар және естеліктермен марапатталды.

Байқаудың жеңімпазы Әйгерімді құттықтай отырып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар және оқуда сәттілік тілейміз!