2022 жылғы 31 наурызда жастардың зияткерлік дамуы мен эрудициясына бағытталған «Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы» тақырыбында «Smart Nation» атты ауқымды қалалық конкурс өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының КММ «Жастар бастамаларын дамыту орталығы». Аталған іс-шараға 5 команда қатысты. Зияткерлік ойын бес кезеңнен тұрды. Атап айтқанда: «Разминка», «2022 Жолдау», «Сену, сенбеу», «Сандық жүйе», «Заңдар». «Құқықтану» мамандығының «Патриоттар» тобы (п-319 тобы) жеңімпаз атанды. Осы жетістікпен «Патриоттар» командасын және олардың жетекшісі А. Ж. Маусымбекованы шын жүректен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!
Smart Nation

← Жаңалықтарға оралу







