16.03.2022 ИнЕУ Жоғары колледжі Экономикалық бөлімінің оқытушысы "Ең керемет, керемет!" сайысының қатысушысы Сауле Шаяхметқызы бірінші курс студенттері арасында Наурыз мерекесі қарсаңында "Қош келдің-Наурыз!» атты сайыс өткізді. Сайысқа 5 турдан төрт команда қатысты: "Сәлемдесу", "Ұлттық костюмдерді көрсету", "Ұлттық өнер", "Ұлттық тағам", соңғы тур "сұрақ – жауап". Ең қызықты турлар 3,4,5 болды. Бірінші кезеңде студенттер сәлемдесіп, өз топтарын таныстырды. Екінші турда студенттер ұлттық костюм үлгілерін көрсетті. Үшінші турда KИЛ -111, НО- 121 топтары өздерінің басым қырынан танытты. Бесінші кезеңде әртүрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Іс-шараны директордың орынбасарлары, экономикалық және гуманитарлық бөлімдердің оқытушылары сонымен қатар студенттік кеңестің өкілі ұсынған құзыретті қазылар алқасы қорытындылады. Конкурс нәтижелері бойынша: бас жүлдені КИЛ - 111 тобының студенттері иеленді; 1 орын НО-121 тобының студенттеріне; 2 орын УиА-121 тобының студенттеріне; 3 орын СМС-121 тобының студенттеріне берілді. Іс-шара домбырада ойнап, ән айтумен сүйемелденді. Барлық оқытушылар мен студенттерді келе жатқан Ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Бейнені жүктеу