4.11.2021 ж. ИнЕУ ЖК психологы Костюк Валерия Владимировна директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамитова Асем Төлегеновнамен бірге студенттер арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынас дағдыларын дамыту және тәрбиелеу.

Әңгіме барысында келесі міндеттер орындалды:

  1. Әңгімелесуге қатысушыларды қоғамдағы қорлауды жоюдың маңыздылығы туралы ойлауға бағыттау
  2. Сұрақтар мен өмірден мысалдар келтіре отырып, басқалардың мінез-құлқына назар аудару қажеттігін дәлелдеу.
  3. Жасөспірімдерді психологиялық қысымға дұрыс жауап беру әдісімен таныстыру.

Әңгімелесу барысында ауызша және көрнекі оқыту әдістері қолданылды. Сондай-ақ студенттер колледж психологынан осы тақырып бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.