Бүгін Арынгазинова А.Б. колледж мұғалімдеріне «Қаржылық сауаттылық» курсы бойынша семинар-практикум өткізді. Бұл іс-шара жақында «Өрлеу» БАҰО АҚ өткізген курстан кейінгі алған білімдерін қолдануға бағытталған болды. Қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін негізгі қаржылық мәселелерді талқылады. Семинар бағдарламасы: 💰 Инфляция — бағаның өсу себептері және жеке бюджетке әсері. 💳 Ақша және оның функциялары — құнын анықтайтын негізгі факторлар. 🏦 Ұлттық банк және екінші деңгейлі банктер — рөлі мен айырмашылықтары. 📈 Кредиттер мен депозиттер — дұрыс таңдау жасау жолдары және назар аудару қажет аспектілер. 🛡️ Қаржылық алаяқтық — жиі кездесетін схемалар және өзіңді қорғау жолдары. Семинар нәтижелі өтті: қатысушылар өмірде және жұмыста қолдануға болатын практикалық білім мен құралдар алды.

Бейнені жүктеу