Жалпы мәліметтер
«Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ИнЕУЖК) Павлодар облысының ірі, көп салалы оқу мекемесі. Білім ордасы еңбек нарығында сұранысқа ие 27 мамандық бойынша мамандар даярлайды, өз қызметін техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметіне 2018 жылғы 28.05 берілген № KZ44LAA00011922 Мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады.
Лицензияның жарамдылық мерзімі – шектеусіз.
Колледждің материалдық-техникалық жабдықталуы білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға жағдай жасайды, және қазіргі заман талаптары мен стандарттарына жауап береді.
Колледждегі оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған оқу кабинеттері мен зертханалар саны жеткілікті. 14 компьютер сыныбы, 7 оқу-өндірістік шеберханалар, тас қалаушылар полигоны, 3 спорт залы, стадион, акт залы конференц-зал, денсаулық пункті, асхана және қосымша кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған.
Колледжде оқу процесі жаңа ақпараттық және білім беру технологияларды пайдаланумен жүзеге асырылады. Оқу аудиториялары әдістемелік және анықтамалық материалдармен, көрнекі құралдар және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған, олар студенттерге өз практикалық дағдыларын арттыруға көмектеседі.
Электрондық оқулықтар, ашық білім беру қорлары, виртуалды зертханалар, әр түрлі тасушыларда мультимедиялық элективті курстар – оқу процесінің сапасына жетудің маңызды құралдары.
Оқу-тәрбие процесi мен колледждi басқаруды ақпараттандыру компьютерлiк парктермен қамтамасыз етiлген.
Қазіргі компьютерлік техника, қолданбалы бағдарламалардың үлкен пакеті, Интернет-қорларына жедел қол жетімдік еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маманды даярлауда қажетті құрал болып келеді.
Студенттердің жүйелі ұйымдастырылған ғылыми-практикалық және жобалау іс-әрекеті олардың жетекші қадыр-қасиеті мен ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіреді, ақпараттық, коммуникативтік және зерттеу құзыреттіліктерін арттырады.
Болашақ мамандарды даярлаудың сапасын, колледждің, өз кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіретін, жоғары білікті оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.