ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында энергетиктердің облыстық олимпиадасы

2023 жылдың 1 желтоқсанында ИнЕУ жоғары колледжінің базасында Павлодар облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында энергетиктердің  облыстық олимпиадасы өтті. Оған 23 студент қатысты.

Іс-шараның мақсаттары:

– қабілетті және дарынды студенттерді анықтау және қолдау;

– студенттердің белсенділігін және олардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамыту;

– оқытушылардың ұйымдастырушылық және тәлімгерлік қызметіне, сондай-ақ оқытушылардың өзара ынтымақтастығына тарту.

Энергетиктер олимпиадасы екі кезеңнен тұрды: 1-кезең -кәсіби білімді тексеретін 60 сұрақтан тұратын электрондық тестілеу, 2-кезең -практикалық, бұл кезеңді әлеуметтік серіктестердің өкілдері – мамандар бағалады:

Қазылар алқасының төрағасы: Мустафин Арман Даулетович -“Қазақстан алюминийі” АҚ энерго-электр цехы басшысының орынбасары. Қазылар алқасының мүшелері: Сулейменов Досымжан Муратович – “KSP Steel” АҚ электр желілері және қосалқы станциялар цехы басшысының орынбасары; Новиков Николай Васильевич-үйішілік электр желілері қалалық кәсіпорнының бас инженері.

Екінші кезеңге ең көп ұпай жинаған 8 қатысушы жіберілді.

Олимпиаданың салтанатты жабылуында қорытынды шығарылды.

Қазылар алқасының шешімімен 1 дәрежелі дипломмен ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Әліппеков Даниял марапатталды.

 2 дәрежелі дипломмен Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенті Гуляев Гордей және ИнЕУ жоғары колледжінің студенті Мараховский Владимир марапатталды.

3-дәрежелі дипломды Торайғыров Университеті жоғары колледжінің студенті Вахит Айзат және Павлодар монтаж колледжінің студенті Арапов Ілияс иеленді.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз! Студенттерге олимпиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!