✨ Болашаққа бастар маңызды қадам – мамандық таңдаудан басталады!
2026 жылғы 6 мамырда Павлодар ауданының жалпы орта білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға ИнЕУ Жоғары колледжінің оқытушылары қатысып, оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берді.Іс-шара барысында колледж оқытушылары өз бөлімдері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
Кусманова А.Ж. экономикалық бағыттағы мамандықтар туралы;
Досанова А.Ш. политехникалық мамандықтар туралы;
Ашикбаев Н.М. ақпараттық технологиялар және құқықтану мамандықтарының артықшылықтары мен болашағы жөнінде мамандықтар мен еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушыларға: колледждегі мамандықтар,
📚 оқу шарттары мен қабылдау тәртібі,
🏫 материалдық-техникалық база,
🌟 студенттік өмір мен болашақ мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат ұсынылды.
Оқушылар: 💼 экономикалық,
👩🏫 педагогикалық,
⚙️ политехникалық,
💻 ақпараттық технологиялар мен құқықтану,
⚡ энергетика саласындағы мамандықтармен жақынырақ танысты.
Әр мамандықтың артықшылықтары, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы мүмкіндіктері туралы пайдалы мәліметтер айтылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.
Осындай кездесулер оқушылардың өз болашағына сеніммен қадам басуына, мамандық таңдауда қателеспеуіне және үлкен мақсаттарға жол ашуына ықпал етеді.
Павлодар ауданы мектептерінің әкімшілігіне, ұстаздары мен оқушыларына белсенділік, қызығушылық және жылы қабылдау үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
ИнЕУ Жоғары колледжі – сенің болашағыңа бастар сенімді жол!
