“кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі”тақырыбында баспасөз конференциясы.

2022 жылғы 10-14 қазанда ИнЕУ жоғары колледжінде “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі” тақырыбында жыл сайынғы баспасөз конференциясы өтті. Аталған іс-шараға: Щеглов Сержан Бахытбекович, Батталова Бахыт Кеңесқызы – Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Жанғазина Ғалия Шаметқызы – Павлодар қалалық сотының судьясы; Сұлтанов Құдабай Тоқбергенұлы – Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы; Түсіпаева Асель Люкысовна – Павлодар қаласы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры; Қасымова Рада Олеговна – полиция капитаны, Павлодар қаласы полиция басқармасының Орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар  жөніндегі учаскелік инспекторы; Балтабаев Асхат Серікұлы – әділет капитаны, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оқу орталығының арнайы пәндер циклінің оқытушысы; Саменов Ерік Қайсарұлы, Зенгин Ольга Зархимовна, Адильжанова Ольга Серіккановна – Павлодар облысы Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары; Қасенов Мұрат Қабдул-Хамитович-Павлодар облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы.

Баспасөз мәслихаты барысында қатысушылар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшеліктерін, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға байланысты заңнамалық мәселелерді, істерді сотқа жіберу мерзімдерін, қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімдерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, хаттамалар жасау тәртібін және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

     Мамандар студенттердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты. Баспасөз мәслихатының негізгі міндеті-студенттердің құқықтық ой-өрісін кеңейту, фактілермен қаруландыру. Балалар бұл ақпаратты колледждің барлық студенттерімен бөлісе алады.

Play Video