Таженов Шалкарбай Амиржанович

Таженов Шалқарбай Әміржанұлы анович 1957 жылы 5 тамызда Омбы облысы Черлак ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушы Әміржан Тәженовтың отбасында дүниеге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін Омбы А. М. Горький атындағы мемлекеттік педагогикалық институтына оқуғп түсті және оны 1979 жылы “география және биология мұғалімі” біліктілігімен бітірді. Студенттік жылдары зерттеу қызметімен байсалды айналысты. Ол кірген студенттердің ғылыми қоғамы Тянь-Шань жоталарына, Оңтүстік және Орта Орал тауларына, Алтай тауларына, Кавказға, әйгілі Саян мен Байкал көлінің айналасына экспедициялық зерттеулер жүргізді. Мұндай тәжірибе экологиялық-географиялық өлкетану бойынша білімдерін кеңейтуге, алынған деректерге талдау жүргізуге және оларды дипломдық жобаларда пайдалануға мүмкіндік берді. Зерттеу барысында алынған материалдар оқу процесінде белсенді қолданылды.

1999 жылы Павлодар университетінің базасында “Экономика және менеджмент” мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Шалқарбай Әміржанұлы география магистрі дәрежесін 2007 жылы магистратураны бітірген соң алған.

Еңбек жолын 1979 жылы Черлак орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастады. 1980 жылдың қаңтар айында Омбы ауданындағы Надеждин орта мектебіне сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырушы болып тағайындалды, ал 4 жылдан кейін Октябрьск агрошколының директоры болып жұмыс істей бастады. Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, ұжымдық шығармашылық қызмет міндеттерін шешу, география, биология пәндерінен білімдерін өзектілендіру мақсатында Ш.А. Таженов оқушылармен түрлі дәрежедегі күрделі туристік жорықтар ұйымдастырды.

1995 жылы Качир аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. 1997 жылдан 2002 жылға дейін Павлодар қаласының №8 лицейі директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002 жылдың шілде айынан бастап “ПАУ Колледжі” ЖШС директоры болып тағайындалды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ИнЕУ жоғары колледжінің директоры.

Педагогикалық қызмет жылдары жас мұғалімнен Ш.А. Тәженов сауатты, шебер, мақсатқа ұмтылған басшы болып өсті. Нәтижесінде колледж республиканың кәсіби және техникалық білім беру жүйесінің жетекші инновациялық оқу орнына айналды. ҚР Ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша ИнеуЖК 5 жыл бойы көшбасшылық позицияны иеленді; “Сала көшбасшысы” Ұлттық бизнес – рейтингісінің нәтижелері бойынша ИнЕУ жоғары колледжі “Жиынтық номинация” критерийі бойынша Павлодар облысының кәсіпорындары арасында “ТОП-15” – те; колледж облыста бірінші болып институционалдық аккредиттеуден өтті; 2019 жылы 9 мамандық сәтті аккредиттелді. Ш.А. Таженов – жыл сайынғы “ХХІ ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіндіктер мен перспективаларды іске асыру” ҒӨК өткізудің бастамашысы; фанат клубы, медиативтік қызмет, колледждің волонтерлік жасағы облыстан тыс жерлерге танымал.

Ш.А. Тәженов іздеу қозғалысын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Дәстүрлі Еске алу вахталары, “Батырлар жолымен – Дорогой славы”халықаралық патриоттық жобасының тұсаукесері және патриоттық бағыттағы басқа да іс-шаралар Шалқар Әміржанұлының қатысуынсыз өтпейді.

Білім беру кеңістігін жетілдіру ісіндегі көп жылғы және жемісті еңбегі үшін Шалқарбай Әміржанұлы облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен (2015ж, 2018ж), “Майдан жолы” іздеу-зерттеу жасағының “Іздеу қозғалысындағы ерекшелігі үшін” медалімен (2018ж) марапатталған.

1996 жылы “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі” атағы берілді, ал 2017 жылы Ш.А. Тәженов “Ы. Ы. Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталған. Кәсіпорындар–әлеуметтік серіктестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың жан-жақты дайындалған, бәсекеге қабілетті, отандық білім берудің үздік дәстүрлерінде тәрбиеленген мамандары үшін көптеген грамоталары мен алғыс хаттары бар.

Тәженов Ш.А. үйленген. Жұбайы Надежда Аркадьевнамен студент кезінде кездесті. Мұғалімдер отбасы-бұл ерекше өмір салты. Мұндай мұғалімдердің шығармашылық жетістіктерінің кілті-ең қиын кезеңдерде де кәсіпке адалдық. Дәл осындай отбасылар адамдарға риясыз қызмет етудің өзіндік үлгісі арқылы білім мен тәрбиені дамытуға үлкен үлес қосады. Отбасында екі ұл, немерелері өседі.