Шет тілдер апталығы

Пәндік апталық – студенттердің оқытылатын пәндерге қатынасының өзіндік көрсеткіші, білім алушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін және педагогтардың шеберлігін анықтау.
Шет тілдерінің оқытушылары 1-5 сәуір аралығында пәндік апта өткізді. Апта колледжішілік ІХ көптілділік олимпиаданы өткізуден басталды. Онда тілдік емес мамандықтар студенттерінің қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша тапсырмаларды орындауы және тілдік мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін күрделендірілген тапсырмалар көзделген. Барлығы 40-тан астам студент қатысты. Жеңімпаздар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Енді олар облыстық көптілділік және қазақ тілінен олимпиадаға қатысуға дайындалуда.
Ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушылары Д.Н. Олжабаева, С.В. Добренко, А.Р. Гудриян 1-курс топтарында ашық сабақтар өткізді. «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері үшін «Мен аудармашы мамандығы туралы не білемін?» блиц-турнирі өткізілді (Фелькер Т.А.)
Жалпы, аптаның өткізілуі студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылықтарын сақтап, осы бағытта білімін жалғастыратынын көрсетті.