2024 жылдың 2 сәуірінде ИнЕУ жоғары колледжінде оқушылар арасында Junior Skills🤓 аймақтық байқауы өтті. Чемпионатқа Павлодар облысының білім беру ұйымдарының 14 оқушысы қатысты.
Жарыстың ережесі JuniorSkills бағдарламасының ережелеріне сәйкес жазылды, оның негізгі идеясы – “Әр оқушының өзін әр түрлі кәсіптер мен салаларда, соның ішінде болашақ мамандықтарында өзін сынап көруге, кәсіби мамандардан сабақ алуға; сонымен қатар мамандықты терең игеріп, тіпті мектеп бітіруге дейін мамандық алуға мүмкіндігі бар»
Жарыс 🧑🏻🦰🎨”Графикалық дизайн” 🧑🏻🦰🎨құзыреттілігі бойынша өтті. Қатысушылардың алдында тамақтану саласындағы жоба үшін фирмалық стильді әзірлеу міндеті тұрды:
Модуль 1 Тамақтану жобасының логотипін әзірлеу. 🧃Йогурт желісінің логотипін жасайды.
Модуль 2. Йогурт желісі үшін қаптама мен жапсырманың дизайнын жасау (2 нұсқа).
Шырындар немесе сусындар үшін қаптаманы ресімдеу желісінің креативті дизайнын ойластырады және әзірлейді (әр түрлі желіде, кемінде 3 дана).
Модуль 3. Power Point бағдарламасында презентация жасайды және жобаны қорғайды.
Орындар келесідей бөлінді:
1 орын 🥇 Найманова Карина (Балалар көркемсурет мектебі)
2 орын 🥈– Арын Нуралы (№39 ЖОББМ), Баяхмет Дамир (№26 ЖОББМ КММ)
3 орын 🥉– Ашикова Айсана (Балалар көркемсурет мектебі), Рамазанова Жансая (№18 ЖОББМ КММ)