2024 жылғы 7 ақпанда Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжі базасында “Кәмелетке толмағандар арасында зорлық – зомбылықтың, буллингтің және суицидтің алдын алу” тақырыбында семинар-практикум өтті.
Оған Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі басқармасының, “Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің (Катаев атындағы оқушылар сарайы жанындағы) өкілдері, облыс колледждерінің педагог-психологтары қатысты.
Спикер болып сөз сөйлегендер:
Наталья Сергеевна Покидова (Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл), Столяревская Светлана Алексеевна (Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының базасында сенім телефонымен медициналық-психологиялық көмек қызметінің меңгерушісі), Турсаринова Бакытжан Ескендеровна (полиция майоры, Павлодар қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы), Рахимова Асем Алпамысовна (полиция майоры, Павлодар қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы), Бережная Анастасия Алексеева (“Тәрбие алаңы” жобалық кеңсесінің психологі). Семинарға қатысушылар жастар арасындағы ең өзекті мәселелерді қарастырды: зорлық-зомбылық, буллинг, суицид.
Іс-шарада Павлодар облысы колледждерінің жетекші психологтары “Зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс психологиясы”, “Отбасылық социограмма”, «Бейсаналық нені жасырады» тақырыптарында тренингтер өткізген практикалық бөлім де қамтылды.
Іс-шара талқылаумен және жұмысты қорытындылаумен аяқталды.