Көптілді олимпиаданың колледжішілік туры

19 сәуірде ИнЕУ жоғары колледжінде көптілді олимпиаданың іріктеу туры өтті.

Олимпиадаға барлығы 32 адам қатысты. Балалар тапсырмаларды үш тілде орындады: қазақ, орыс, ағылшын . Олимпиаданың қазылар алқасы тексеру нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Тіл мамандықтары өкілдерінің арасында ПД-320 тобының студенті Уахит Зейнеп үздік тіл білгірі атанды. Екінші орынды бірдей ұпай жинаған үш студент иеленді: Могильная Юлия (ПД-211 тобы), Ахметова Анель (КиЛ-112 тобы) және Дулатова Адинай (ПД-310 тобы). Үшінші орында Садвокасова Даяна (ПД-211 тобы).

Тілдік емес мамандықтар өкілдерінің арасында Мария Хахлова (П-132 тобы) үздік нәтиже көрсетті, ол 1-дәрежелі диплом иегері. Екінші орында Абылгазина Карина (П-132 тобы). Үшінші орынды сол топтың студенті Изтулин Бақтияр иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, көптілді олимпиаданың барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз және тілдерді үйренуде одан әрі табыстар тілейміз.

Уахит Зейнеп пен Хахлова Мария ағымдағы жылдың 12 мамырында өтетін олимпиаданың облыстық турына қатысады. Оларға сәттілік тілейміз және жеңіске жетеміз деп үміттенеміз!