“Ана тілім- тірлігімнің айғағы” атты интеллектуалдық сайыс өткізілді

Ақпан айының 21-жұлдызында халықаралық ана тілі күні мерекесіне орай, ИнЕУ жоғары колледжінің КиЛ-419 тобының студенттері арасында “Ана тілім- тірлігімнің айғағы” атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты мемлекеттік тілдің рөлі, ана тіліміздің байлығы туралы молынан мәлімет беріп, тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге үйрету, студенттердің білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Сайыс барысында студенттер туған тіліміздің тарихы жайлы өз білімдерін тексеріп, жаңа ақпараттар алып, білімдерің шыңдай түсті. Интеллектуалды ойын соңында әр топтан бірнеше студенттер шығып, ана тілі туралы өлең жолдарын оқыды. Осындай сайыстарды ұйымдастыру барысында жастар арасындағы қазақ тіліміздің мәртебесі өсіп, қолданылу аясы кеңейе түседі.