«Қазақстан – көп конфессиялы мемлекет»

Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық және этносаралық келісім мемлекеттің тұтастығы мен оның демократиялық реформалар жолында ілгерілеуінің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстанда 130-ға жуық ұлт пен 48 конфессияның өкілдері тұрады. Олар өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін сақтап, сонымен бірге қазақ халқының салт-дәстүрін де құрметтейді. Елімізде ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынас саласында бейбітшілік пен келісім сақталған. Көпұлтты және көпконфессиялы қазақ қоғамы жағдайында рухани татулық пен келісімнің маңызы зор.

ИнЕУ жоғары колледжінде тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары 1-2 курс студенттері арасында «Қазақстан – көп конфессиялы мемлекет» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту, Қазақстан – тәуелсіз көпұлтты мемлекет туралы білім мен түсінікті тереңдету және кеңейту; танымдық қызығушылықты дамыту, мемлекет мүдделері саласындағы ой-өрістерін кеңейту; оқушыларды Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне, тарихына және мұраларына деген сүйіспеншілікке, құрметке, төзімділікке тәрбиелеу. «Қазақстан-бейбітшілік пен келісімнің тірегі», «Сенім, дін, конфессия» атты бейне – роликтер көрсетілді. Іс-шаралар қызықты өтті. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.