Дөңгелек үстел

2021 жылдың 9 маусымында ИнЕУ жоғары колледжінде Zoom платформасында “Кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі”тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ақпараттық технологиялар, гуманитарлық, экономикалық, энергетикалық, политехникалық бөлімдердің 1 курс студенттері қатысты. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу болып табылады. Кездесуге Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Темирова Қаламқас Абылдиновна, полиция капитаны, Орталық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Қалқамбеков Ерлан Дабылкебович шақырылды.

Кездесу барысында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Темирова Қаламқас Абылдиновна ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің нормаларын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нормаларды түсіндірді.

Қалқамбеков Ерлан Дабылкебович, полиция капитаны, Орталық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелеріне баруға және түнгі уақытта ата-анасының ертіп жүруінсіз көшеде болуға тыйым салынатынын атап өтті, сондай-ақ оқушыларды колледжде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауға, адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алуға және заңдарды мүлтіксіз сақтауға шақырды.Дөңгелек үстел соңында мамандар студенттердің сұрақтарына  тиісті толық жауаптар берді.