АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АПТАЛЫҒЫ.

АТ ЦӘК оқытушылары 26.02.24-01.03.24 ж. ж. аралығында Ақпараттық технологиялар апталығын дайындап, өткізді.

         Аптаның жоспарына сәйкес келесі іс шаралар өткізілді:

       – “Информатика мамандары” викторинасы;

       – Ақпараттық технологиялар бойынша олимпиада;

       – Информатика пәнінен олимпиада;

       – Бағдарламалау бойынша олимпиада.

         АТ ЦӘК оқытушылары апталық аясында ашық сабақтар өткізді:

         Хаджимуратов К. С. – ФС-123 тобында “Графика және жобалау”пәні;

         Жақсыбаева Д. Е. – ФС-153 тобында “Информатика”пәні бойынша;

         Султангазин А. А.- Д-311 тобында “3D графика”пәні бойынша;

         Бір апта бойы АТ ЦӘК оқытушылары Информатика, Ақпараттық технологиялар және Бағдарламалау бойынша топтарда олимпиада өткізді. Олимпиадаларға колледждің түрлі мамандықтары мен барлық  курстарының студенттері қатысты.

         ЭС-222, РПО-113, П-123 топтарының студенттері арасында “Информатика білгірлері” викторинасы өткізілді. Викторина нәтижелері бойынша ЭС-222 тобының студенттері жеңімпаз атанды.

         Викторина мен олимпиада жеңімпаздары грамоталармен марапатталды. Аптаның бағдарламасы жоспарға сәйкес орындалды.