Аударма ісінің студенттері курстарда

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі студенттердің кәсіби дамуына қажетті жағдай жасайды. Әр түрлі мамандықтар бойынша біліктілік курстары өзінің болашақ мамандығын терең игеріп қана қоймай, жобалау қызметіне де қатысуға арналған. «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері «Аудармашы-баспасөз хатшысы» қосымша біліктілік курстарында оқыды. Олар теориялық материалды игеріп қана қоймай, өзекті тақырыптар бойынша да жобалар әзірледі. Жобаларды қорғауға комиссия төрағасы, «5 жұлдыз» туристік компаниясының директоры С.И. Аргинова қатысты. Ол жобалардың сапасына, студенттердің жауапкершілігіне жоғары баға берді. Қорғау қорытындысы бойынша курстың қатысушылары сертификаттар алады. Курс жетекшісі Т.А.Фелькер студенттердің уақыт талабына сай мамандық мүмкіндіктерін кеңейтуге деген қызығушылығын атап өтті.