Елена Ивановна Юминованың жеке көрмесі

2024 жылдың 18 қаңтарында С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының “Айна” галереясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық көрме аясында ИнЕУ жоғары колледжінің оқытушысы Елена Ивановна Юминованың жеке көрмесі өтті. Шара басталмас бұрын халық залды аралап, көрмені тамашалап үлгерді, ал көрерменнің көңіл-күйінен көрменің барлығына ұнағаны байқалды.
«Жеке көрме – бұл өзінше бір ашылу, сезіну, сүю, көргенді бастан кешіру және ең бастысы, өз эмоционалдық күйіңді көрерменге жеткізе білу қабілеті… Педагогикалық таланттың, суретшінің шеберлігінің, әдептіліктің, мейірімділік пен шынайылықтың үйлесімі-бұл біздің педагог Елена Ивановна Юминоваға тән қасиеттер”, – деп атап өтті ИнЕУ ЖК директоры А. У. Ташекенова өзінің құттықтау сөзінде.
Көрмеде Юминованың туындыларынан басқа, оның студенттері, біздің колледж студенттері: Ященко П., Прудникова А., Алегова А. және т. б. жұмыстары қойылған.
Д – 311 тобының студенті Ященко Полина ұстазының талантына, тәжірибесі мен кәсібилігіне сүйсініп, алғысын білдірді.
Елена Ивановнаны құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!!!