ИнЕУ Жоғары колледжінің жас оқытушы мектебінің бірінші сабағы

18 қыркүйекте ИнЕУ жоғары колледжінің Жас педагог мектебінің алғашқы сабағы өтті. Кездесудің тақырыбы- “Сабақты жоспарлау: мақсатты тұжырымдау, міндеттерді қою, сабақтың құрылымы”. Тақырып бойынша әдістемелік ұсыныстарды педагогикалық қызметті енді бастаған колледж оқытушылары НЗМ ПШО-нан тартылған жаттықтырушысы Динара Холдаровна Ариновадан алды. Сабақ қатысушылар үшін өте қызықты, пайдалы, жоғары деңгейде өтті. Рефлексия қатысушылардың көпшілігі өздерінің әдістемелік білімдерін, соның ішінде кері жобалау әдісі сияқты сабақты құрастыру әдісімен толықтырғанын көрсетті. Біз Динара Холдаровнаға ынтымақтастығы үшін алғыс айта отырып, жас оқытушыларымызға кәсіби биік шыңдарды бағындыруда табандылық тілейміз.