Таңдау бар – есірткісіз өмір

Құқықтық клубтың жұмысы аясында 2023 жылғы 16 мамырда Инновациялық Еуразиялық Университетінің жоғары колледжінде «Таңдау бар – есірткісіз өмір» тақырыбында байқау өткізілді.
Байқау 3 кезеңнен (ойыннан) тұрды. Шара барысында клуб қатысушылары есірткінің қауіп-қатерімен танысты, “Тосынсый”, “Ауру” ойындарының көмегімен есірткіні қолданудың салдарын талқылады және талдады, дұрыс жолды таңдап, жағдаяттарды ойнады, салауатты өмір салты туралы өлеңдер, әндер орындады.
Іс-шара соңында клуб қатысушылары қол ұстасып, “Есірткіге жол жоқ” Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!”деді. Клуб балалары өз денсаулығын сақтаудың жалғыз сенімді жолы-спортпен шұғылдану, жеке гигиена ережелерін сақтау және барлық жаман әдеттерге “Жоқ” деп айту керек деген қорытындыға келді.