Халықаралық Отбасы күніне арналады

Отбасы- адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы- қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандар. “Менің отбасым-менің тірегім”деп бекер айтпайды. Бұл сөз біздің қиын-қыстау кезімізде өте маңызды. 17 мамырда Отбасы күніне арналған колледжішілік байқауға қатысқан отбасылар отбасының құндылығын, отбасылық дәстүрлерін, махаббат пен түсіністік ахуалынын көрсете алды. Іс-шараны “Жылдың ең үздік сынып жетекшісі” байқауының қатысушысы А. Ш. Досанова дайындап, өткізді.
Әр бөлімнен бір отбасы командасы қатысты: гуманитарлық бөлімнен- “Лесная сказка”, ОИТ бөлімінен – Ноженко отбасы, ПТО бөлімінен- Юминовтар отбасы, энергетикалық бөлімнен – «Бақытты отбасы», экономикалық бөлімнен – «Мерейлі отбасы».
Отбасылар ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетті: ән айтты, биледі, сурет салды, өлең оқыды, музыкалық аспаптарда ойнады, отбасының сүйікті тағамы мен киім стилін таныстырды. Құзыретті қазылар алқасын отбасының ең жас мүшелерінің сөздері сүйсіндірді. Барлық қатысушылар лайықты өнер көрсетуге тырысты. Нәтижесінде 1-орынды «Мерейлі отбасы», 2-орынды “Лесная сказка”, 3-орынды Юминовтар отбасы иеленді. Қалған екі отбасы “Үлгілі отбасы” және “Талантты отбасы” номинацияларына ие болды. Отбасылардың өнерін жанкүйерлер қолдады: туыстары, педагогтар, студенттер. Мереке тамаша, көңілді, шығармашылық, жарқын өтті. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.
Шараға қатысушылардың барлығы қол жеткізген басты нәтиже – отбасы – ұлы құндылық, оны қастерлеп, мақтан ету керек.