“Дизайн” мамандығының пәндік апталығы

24-28 сәуір аралығында ИнЕУ жоғары колледжінде Дизайн мамандығы апталығы өтті. Апталық  Е.И. Юминованың “Ежелгі Египет өнері” тақырыбындағы “Дүниежүзілік өнер тарихы”пәні бойынша облыстық ашық сабағынан басталды. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді, қызықты материалдар ұсынылды, костюмдік театрландыру, презентациялар мен бейнероликтер қолданылды.

25 сәуірде арнайы пәндер оқытушысы Д. Ю. Таиров Д-310 тобында курстық жұмыстарды ашық қорғады. Қорғауда балалар көптеген қызықты әзірлемелерді, өзіндік идеяларды ұсынды және “Композиция”пәні бойынша оқудың жақсы деңгейін көрсетті. 

С.М. Грудцынаның “CorelDRAW-тағы әсерлер” сабағында Д-310 тобының студенттері ғана емес, сонымен қатар оқытушылар да осы бағдарламада өз күштерін сынап көруге мүмкіндік алды.

М.С. Стугирева  колледж оқытушылары үшін ұйымдастырған оригамиден шеберлік сабағы өте  қызықты өтті. Бұл техникада жасалған қызғалдақты,  Мария Сергеевнаның әріптестері естелік үшін өздеріне алып қалды.  

Дизайн апталығын «Сізге қандай түс жарасады» тақырыбында Е.И. Юминованың ашық сабағы аяқтады. Онда колледж оқытушылары  киімдегі түс стилі туралы маңызды ақпарат алды.

Сондай-ақ, Дизайн апталығы аясында 24-28 сәуір аралығында колледж ғимаратының залында Дизайн мамандығының политехникалық бөлімінің 2, 3, 4 курс студенттерінің жұмыстарының көрмесі өткізілді. Көрмеде майлы бояумен, гуашьпен және графикамен жасалған жұмыстар ұсынылды әр түрлі техникалар мен материалдарды қолдану, компьютерлік дизайн, әр түрлі кәсіпорындардың фирмалық стильдерінің әзірлемелері, кітап иллюстрациялары және плакаттары қойылды.

Жалпы, Дизайн апталығы мазмұнды және қызықты өтті, өткізілген іс-шаралар жақсы пікірлер алды.