Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

2023 жылғы 31 наурызда Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі базасында Павлодар қаласының колледж студенттерінің TEDx форматында Әділет департаментінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.Тақырыбы: “Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру”. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлықты мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде қабылдамауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту негізінде азаматтық ұстаным мен жауапкершілікке тәрбиелеу. Кездесуге Павлодар облысы Әділет департаментінің өкілдері, білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдіскері Шамсутдинова Нұрия Миннегалиевна, ИнЕУ ЖК директоры Ташекенова Армангуль Умаровна, “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалының өкілі Еркін Әділет шақырылды. Кездесу барысында студенттер мен оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды. Мұндай іс – шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу керек, өйткені дәл осындай кездесулер әр адамның өзінен бастауы керек-адал оқу, сессияны адал тапсыру, адал жұмыс істеу керек деген сананы қалыптастырады. Бұл біздің өміріміздің нормасына айналуы керек.

Іс-шара модераторы қонақтарға өте қызықты баяндамалары үшін, ал қатысушыларға көрсеткен белсенділігі үшін алғысын білдірді. Шара қорытындысы бойынша жиынның нәтижелі болғанын, қатысушылар сыбайлас жемқорлық ел дамуының тежегіші болып табылады және онымен бүкіл халық күресуі керек деген пікірде бірауыздан болды.