Эссе “Сыбайлас жемқорлықжа жол жоқ!»

“Парасаттылық мектебі” үйірмесінің жоспарына сәйкес, “Құқықтану” мамандығының 2-3 курс студенттері арасында Zoom платформасы арқылы.

” Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

Мақсаты: студенттердің осы құбылыстың пайда болу себептерін және олардың қоғамға келтірген зиянын түсіну арқылы жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру.

Қазылар алқасы осы тақырып бойынша ұсынылған 20 жұмыстың ішінен үздік 5 жұмысты таңдады.

Салтанатты жағдайда Zoom платформасы арқылы жүлделі орындар мен номинациялар үшін грамоталар табысталды.

Байқау студенттерді даярлаудың жоғары деңгейін, осы іс-шараның ұйымдастырылуын және қатысушылардың өз білімдерін, эрудициясын көрсетуге деген ұмтылысын көрсетті. Студенттердің көпшілігі эссе жазуда шығармашылықтарын көрсете білді. Балалар өз жазбаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңды сақтау және адал болу керектігін түйіндеді .