«Ертіс өңірінің еркін желі» көрмесі

2022 жылдың қаңтар айының соңында ИнЕУ жоғары колледжінде “Ертіс өңірінің еркін желі” көрмесі ұйымдастырылды. Оған Грудцина Софья Муратовна, Юминова Елена Ивановна және Таиров Дильмурат Юнусович жетекшілігімен политехникалық бөлімінің “Дизайн” мамандығының  екінші және төртінші курс студенттері қатысты.

Студенттердің жұмыстары түрлі техникада орындалған. Екінші курс студенті Т.Жұмағазының жұмысы қағаз жүзінде “Гуашь”техникасында қолмен орындалған. Сурет дала кеңістігінде еркін ауа сезімін тудырады. Н. Калашникованың жұмысы аралас техникада да қолмен жасалды. Ол қаламыздың сәулеті мен ескерткіштерін өте нәзік және құрметпен бейнелейді.

Төртінші курс дизайнерлерінің жұмыстары CorelDRAW және Adobe Photoshop графикалық бағдарламаларында орындалды. Фотосуреттер негізінен Adobe Photoshop растрлық бағдарламасында өңделді, ал макеттер CorelDRAW векторлық бағдарламасында жиналды.  Ол жерде түрлі тәсілдер қолданылды: коллаж, акварель техникасына түрлендіру, трассировка және т. б.

В. Халиулина қызықты Ертіс кеңістігіне терезе конструкцияның коллажын орындады; Д.Кайруллинова акварельді суреттің әсерімен жағалауға нәзік пейзаж жасады; Е. Столбова коллаждың қызықты нысанын орындады және Павлодар туралы өлеңдер орналастырды; Н. Карповец өз жұмысында жағалауға қарап өзен бойымен серуендеуден керемет көңіл-күй сыйлады; Р. Амри қаланың көрікті жерлерінің стильдендірілген бейнесін орындады және оны төрт жол өлеңмен әрледі; А. Малеева өзінің сүйікті қаласының бейнелерімен ашық бояулы коллаж жасады. Иваницкая А. стильдендірілген сәулеттік маңызды қалалық ғимараттардан, мультфильмдей ашықхат жасады. Г. Вайденованың жұмысы ескі ашықхатқа ұқсайды, И. Бережная керемет позитивті коллаж жасады, Грузинский Б. әйгілі қалалық муралдардың коллажын орындады, ал А. Булкаиров ақындарды атап өтті. Сергеева Е.коллажды трассировкаға айналдырды, бұл әдеттегі қалалық ғимараттарға ерекше көрініс береді.

Студенттер жұмысқа шығармашылықпен, махаббатпен келді, жұмыстар бойынша студенттер туған өлкесін жақсы көретіндігі және өз жұмыстарында осы сезімді жеткізе білетіндігі көрініп тұр.