Көптілділік – уақыт талабы

2021 жылдың 14 желтоқсанында “Көптілділік – уақыт талабы” шығармашылық тобының бастамасымен ИнЕУ жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпыколледждік ашық диктант өткізілді.

Аталған іс – шараның мақсаты-көптілді сауаттылықты насихаттау, шет тілдерін үйренуге ынталандыру, тілдік нормаларды меңгеру деңгейін арттыру. Ашық диктант тілек білдірген 75 студентке өздерінің тілдік білімдерін тексеруге мүмкіндік берді. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев былай дейді: “Біз үштілді боламыз — ұл ойдан шығарған дүние емес, қажеттілік. Мемлекеттік тіл-біз өмір сүріп жатқан халықтың тілі. Біз ағылшын тілін білуіміз керек, өйткені бұл ғылым мен инновацияның тілі. Біз бір-бірімізді сөйлесу мен түсінуді үйренген орыс тілін білу керек, бұл біздің үлкен көршіміздің тілі”.

Біздің колледж студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің кәсіби қызметте қажеттілікке айналатынын көріп отыр. Үш тілді жақсы меңгерген түлектер қоғамда беделді орынға ие болуға үлкен мүмкіндік алады, бұл бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі, ғылымның кілтін береді, әлемдік мәдениет біліміне жол ашады. Көптілділік бойынша шығармашылық топтың жұмысы бірнеше тілді меңгерген және тіл білімін өмірде қолдана алатын көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Диктант мәтіні бойынша талдау жүргізілді: оқытушылар кездескен қиындықтар туралы айтып, даулы мәселелерді түсіндіріп, ең көп кездесетін қателіктерді атады.

 

Диктант қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды

Место Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
студенттің аты-жөні, тегі, тобы студенттің аты-жөні, тегі, тобы студенттің аты-жөні, тегі, тобы

I

Карашашева Бинур-       КиЛ-310 Алтаева Жасмин

МР-210

Садвакасова Даяна

ПД-111

II

Зейнуллова Сания-

КиЛ-310

Абрамочкина Виктория

М-111

Ибраева Дильназ-

ПД-111

 

Жалмаханова Аниса

ПД-111

III

Мұхамедқали Маханбет-

 КиЛ-310

Даулетова Амина- ВТиПО-210

 

Романчук Анастасия-

НО-210

Нукенова Тамирис-

 ПД-111

 

Драчнев Кирилл-

ПД-121

 

Щербакова Камила

ПД-111

  Жалпыколледждік ашық диктант басталды. Оған дәстүрлі болуды тілейміз!