Ашық сабақтар

ИнЕУ жоғары колледжінде өткен аптада химия пәнінің жоғары санатты оқытушысы А. К. Бектасова және “Дизайн” мамандығының жас педагогы Д. Ю. Таиров екі ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтар педагогтарды аттестаттауға дайындау бойынша іс-шаралар кестесін орындау шеңберінде өтті.

Бектасова А. К. СМС-121 тобында “Аммоний, сульфат кондарына сапалық реакция” тақырыбында химия пәні бойынша практикалық жұмыс жүргізді. “Педагог-зерттеуші” санатына үміткер тәжірибелі оқытушы сабақты жоспарлау мен өткізуде әдістемелік сауаттылықты көрсетті.

Д.Ю. Таиров “Дизайн негіздері”  пәні бойынша Д-111 тобында сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Логотип дизайны”. Жас оқытушы “педагог-модератор”санатын алуға үміткер. Іс-шараға қатысқан педагогтар сабақтың жақсы дайындығын, шығармашылық және сонымен қатар іскерлік атмосферасын, сабақтың кейбір кезеңдерін өткізуге педагогтің ерекше және креативті көзқарасын, қызықты бағалау жүйесін атап өтті. Сабақ соңында қонақтарға өз нұсқалары бойынша ең жақсы логотипті таңдау мүмкіндігі берілді.

2021-2022 оқу жылында аттестатталушы педагогтардың ашық сабақтары жалғасуда.