Айдаргалин Азат Куантаевич

Айдаргалин Азат Куантаевич ИнЕУ жоғары колледжінде 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. 15 жыл ішінде ол өзін сауатты маман ретінде көрсетті. “Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмау” – Азат Қуантайұлының педагогикалық жұмыстағы ұстанымы осындай. Сондықтан, ол үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. 2017 жылдан бастап А. К. Айдаргалин колледждің ең үлкен бөлімшесі – гуманитарлық бөлімді табысты басқарады.

Азат Қуантайұлы өз тәжірибесімен жас педагогтармен бөліседі, тәжірибені жинақтайды. Мәселен, 2021 жылы Педагогикалық альманах журналында «Денсаулыққа қамқорлық- мұғалімнің ең маңызда еңбегі» атты мақаласы жаоияланды.

Педагог жаттығу залына арналған жаттығулар кешендерін, жалпы дамыту жаттығуларын және қозғалмалы ойындарды әзірледі және шығарды, сондай-ақ оқу орнында “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарына арналған “Баскетболдағы дайындық жаттығулары”, “Жеңіл атлетикалық жаттығуларды оқыту техникасы мен әдістемесі”, “Спорттық ойындар және оқыту әдістемесі пәні бойынша тесттік тапсырма” атты дене шынықтыруды дамыту мәселелері бойынша әдістемелік құралдар әзірленді. Аталмыш әдістемелік құралдар Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасында жоғары бағаға ие болды.

А. К. Айдаргалин студенттердің әртүрлі деңгейдегі жарыстардың, сайыстардың, олимпиадалардың, конференциялардың ғылыми жетекшісі болып табылады. “XXI ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіндіктер мен перспективаларды іске асыру” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушыларды дайындады: 2021 жылы-қатысушы сертификаты, 2018 жылы-2 дәрежелі диплом, 2017 жылы – 3 дәрежелі диплом;

Азат Қуантайұлы колледждің, қаланың, облыстың спорттық өміріне белсенді қатысады: қалалық және облыстық жарыстарға қатысушыларды ұйымдастырады және дайындайды, дайындаған командалар жүлделі орындарға ие болады. 1 лига колледждері оқушыларының облыстық спартакиадаларында ЖИнЕУ колледжінің студенттері жүлделі орындарға ие болды:

2020 ж.-қыздар арасында I орын;

2019 ж. – ұлдар арасында баскетболдан II орын; қыздар арасында тоғыз құмалақтан II орын; қыздар арасында оқ атудан III орын;

 2018 ж. – шағын -футболдан III орын; қыздар арасында волейболдан I орын; ұлдар арасында жеңіл атлетикадан I орын; қыздар арасында жеңіл атлетикадан II орын;

2017 ж. – үстел теннисінен қыздар арасында III орын; күзгі кросс бойынша ұлдар арасында III орын; қыздар арасында оқ атудан II орын; ұлдар арасында оқ атудан III орын; қыздар арасында баскетболдан III орын. Шағын футболдан “ЭКСПО-2017” қалалық турнирінде-III орын.

А. К. Айдаргалин жұмыстағы жетістіктері және шығармашылық көзқарасы үшін бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды:

2017, 2020 ж.: Павлодар облысы білім беру басқармасының АОТДТО құрмет грамотасы;

2019 ж. – Павлодар облысы білім беру басқармасының АОТДТО алғыс хаты;

2018, 2017 ж. – Павлодар қ. дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамотасы;

2016, 2017 ж. – Павлодар облысы білім беру басқармасының АОТДТО грамотасы.