Туған жер

Мақсаты – қазақстандықтарда шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Білім беру, экология және абаттандыру саласында өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, өңірлік тарихты зерделеу, жергілікті ауқымдағы мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру.
  2. Азаматтарды туған өлкенің дамуына тарту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу.
  3. Қайырымдылық мәдениетін дамыту.
  4. Өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесін ұйымдастыру.
  5. Туристік экспедициялық жасақтарды құру. 

Кез-келген уақытта ұлттық сәйкестіктің негізі,   өзін мекен ететін  барлық этностардың дәстүрлері мен мәдениетін өз айналасында қалыптастыратынтуған жер екені анық. Отанға деген сүйіспеншілік сияқты қасиетті сезім өмірдің барлық салаларында жаңа жетістіктерге жетуге жетелейді. «Туған жер» арнайы жобасы «шағын отанды» дамытуға бағытталған, азаматтарды өз туған жерін дамытуға тарту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.