«Мамандығым- мақтанашым!»

Біздің колледжде қызмет жолын енді бастаған оқытушылар құрамымен жұмыс жасауға  үлкен көңіл бөлінеді, педагог тұлғасының дамуы, оның шығармашылық әлеуеті, кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдай жасалған. Жас маман мектебінің алғашқы күндерінен бастап жас мұғалімдердің бейімделуі сәтті өтіп, олардың білім беру процесіне белсенді қатысуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда.

Жас маманның дәстүрлі онкүндігі тәлімгерлер мен жаңа бастаған педагогтар жұмысының өзіндік қорытындысы болып табылады. Биылғы оқу жылында ол 17-28 мамыр аралығында « Мамандығым- мақтанашым!»

  ұранымен өтті.

Жақсы мұғалімнің басты ерекшелігі-әдістемелік сауатты және қызықты сабақ өткізу мүмкіндігі. Сондықтан онкүндіктің басты сынағы жас оқытушылардың ашық сабақтары болды. Тәлімгерлер кеңесінің пікірінше, ақпараттық технологиялар бөлімінің оқытушысы А.Ж. Ахметованың (тәлімгер К. А. Малғаждаров) география сабағы үздік болды. Материалды жақсы білу, сабақ құралдарын сауатты таңдау – бұл оның сабағының ерекшелігі. Сондай-ақ,  А. А. Иманшарипованың  мәдениеттану сабағына оң баға берілді (тәлімгер А. Ж. Айтпаева)

 Онкүндік барысында жас мамандардың әрқайсысы өздерінің кәсіби мансабында “Сабақтарда АКТ пайдалану”тақырыбында алғашқы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Оқытушылар Ахметова А.Ж., Темірбаева М. М. (тәлімгер Простоквашина В. Д.), Ибраева Д. Е. (тәлімгер Нечай О. А.), Мейрам А. А. (тәлімгер Темірбекова А. Т.) Google-сервистерді, Иманшарипова А. А. – ойын платформаларын сабақта қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Тағы бір қызықты іс – шара-педагогикалық және әдістемелік терминдерді білу конкурсы. Ол онлайн режимінде Google тестін қолдана отырып жүргізілді. Тестілеуде ең көп балл жинаған гуманитарлық бөлімнің жас педагогы А. С. Газизова (тәлімгер А. Б. Раисова), қалған жүлделі орындар Д. Е. Ибраева мен А. А. Мейрамға бұйырды.

 Онкүндік бойы жас мамандардың тәлімгерлері өз қамқорлығындағыларға  көмектесті, олардың кеңестері мен қолдауы жастар мен ұйымдастырушыларға маңызды болды.

31 мамырда онкүндіктің қорытындысы салтанатты түрде шығарылды. Жас оқытушылардың әрқайсысы белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру барысында өздерін көрсете алды, сондықтан аптаның жабылуында барлығы түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.