«Павлодар облысының танымал адамдары» жобасы бастау алды

Көпшіліктің санасындағы тарихи үдеріс негізінен дербестендірілген сипатқа ие екені белгілі. Көптеген халықтар өз елдерінің өзіндік елшісі болған ұлы ата-бабаларының есімдерін мақтан тұтады.

2021 жылғы 31 наурызда “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы, “Ұлы даланың ұлы есімдері” арнайы жобасы аясында, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ИнЕУ ЖК -де “Павлодар облысының атақты адамдары” жобасы басталды.

Алғашқы құрметті қонақтар болып Торайғыров университетінің PhD докторы Рахимов Ернұр Кендібайұлы және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих ғылымдарының кандидаты Күзембаев Нұркен Ерболұлы қатысты. Олар Мұса Шормановтың өмірбаянын, өмірінен қызықты деректерді, сондай-ақ қазақтың тұңғыш кәсіби тарихшысы Ермұхан Бекмаханов туралы айтып берді.

Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің студенттері мен Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері спикерлердің презентациялық сөздерін қызығушылықпен тыңдады.

Аталған жобаның авторы және модераторы ИнЕУ ЖК қоғамдық пәндер оқытушысы, мәдениеттану магистрі Малғаждаров Қуат Әлібекұлы.

Іс-шара өте қызықты және танымды өтті.

Павлодар өңірінің басқа да танымал тұлғаларымен танысуды асыға күтеміз!

Жобаның сәтті басталуымен құттықтаймыз.