ИнЕУ ЖК студенттерінің халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуы-жақсы дәстүр. Бұл жерде жас зерттеушілер өздерінің алғашқы ғылыми тәжірибелерін басқаларға ұсынады.
Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжде 26.02.2021 ж. “Тұлға мен қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту”атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оған Қазақстан, Ресей, Белоруссия студенттері қатысты. “Шет тілін оқыту әдістемесі” секциясында “Аударма ісі” мамандығының 1 курс студенті Темербаева Карина “Ағылшын тілін оқытуда мобильді қосымшаларды пайдалану”өзекті жұмысы үшін II орын алды. Ғылыми жетекшісі-шет тілі оқытушысы Шәншәр С. Ш. Карина мен Сағыныш Шәншәрқызын жүлделі орынмен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!