Колледж Барысы-2020

       2020 жылдың  24 желтоқсанында Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары колледжінде «Колледж Барысы-2020»  интеллектуалды сайысы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы және жүргізушісі, әлеуметтік пәндер оқытушысы Малгаждаров Қ.А.

       Байқаудың мақсаты: патриоттық сезімге тәрбиелеу, дарынды және қабілетті оқушыларды байқау.   Бұл байқау дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіледі.

       Жарысқа өз бөлімдері атынан 5 студент  қатысты. Олар: Мұхамедқали Махамбет (Гуманитарлық бөлім), Бекболат Әділ (Экономикалық бөлім), Қуан Бақтияр (Ақпараттық технологиялар бөлімі), Айтымаев Айдын (Энергетика бөлімі), Рахым Нұрым (Политехникалық бөлім).

       Сайыс үш кезеңде өтті: 1-тур «Бәйге», 2-тур «Көкпар», 3-тур «Полиглот».
       Байқау нәтижелері: 1 дәрежелі диплом мен «Колледж Барысы-2020» атағын политехникалық бөлімнің студенті Рахым Нұрым жеңіп алды.
        2-дәрежелі дипломмен экономика бөлімінің студенті Бекболат Әділ марапатталды. Гуманитарлық және энергетика бөлімдерінің студенттері Мұхамедқали Махамбет пен Айтымаев Айдын 3- дәрежелі дипломның иегерлері атанса,ақпараттық технологиялар бөлімінің студенті Қуан Бақтияр қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Сайыс барысында көрермендермен ойын ойналып, гуманитарлық бөлімінің студенті Манова Жұпар «Ең белсенді көрермен» номинациясын жеңіп алды.
        Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды. Политехникалық бөлімнің студенті Рахым Нұрымды жеңіспен және «Колледж Барысы-2020» атағымен құттықтаймыз! Одан әрі жарқын жеңістер тілейміз!