Театр студиясы

        ИНеУ жоғары колледжінің театр студиясы балалардың шығармашылық бастамасын арттыру және дамыту мақсатындағы шығармашылық жұмысын жалғастыруда.   Өнерге  бейімі бар   балалар    сахна мәдениетін, қимыл-қозғалыс мәнерін, актерлік шеберлік пен шешендік өнер негіздерін игеруде.   Қазірдің өзінде үйірмеге қатысушы студенттер  қызықты сабақтарды меңгерумен қатар, театр өнерінің қыр-сырын игеруде.

          Балалар тиісті дәрістер алып, қойылымдар әзірлейді. Театр жетекшісі Нығманов Руслан Зейкенұлы өз ісінің  шебері. Өнерпаз студенттердің  бойындағы өнерге деген қызығушылық сезімін арттыра біледі.

         Театр студиясы  студенттердің  сахна көрермендері алдындағы қорқынышын жеңуге, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, өзін-өзі бағалау сезімін қалыптастыруға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге  үйретеді.
          Құрметті студенттер, егер  шығармашылық  әлеміңіздің шекараларын кеңейтіп, өз мүмкіндіктеріңізді кеңейткіңіз келсе, біз сіздерді театр студиямыздың сабақтарына шақырамыз.