16 желтоқсан 2020ж ,дәл осы айтулы күні “Жас іздеуші мектебі” жұмыс қорытындысын шығаруды шешті. Жарты жыл бұрын “Майдан жолы” Павлодар іздестіру зерттеу жасағы Павлодар облысындағы еріктілер жобалары байқауына қатысып, «Бірге» қоғамдық қорының «Asyl мura» бағыты бойынша грантты жеңіп алды.ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері осы “мектепте”оқуға ниет білдірді. Еріктілер антропологияны, іздеу, эксгумация және архив жұмыстарын жүргізу технологиясын, Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеді.
Конференцияны ИнЕУ жоғары колледжінің директоры Тәженов Шалқарбай Әміржанұлы құттықтау сөзімен ашып, балаларға тарихты ұмытпау керектігін еске салды.
Іс – шараға ардагер және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында жоба аясында атқарылған жұмыстар туралы фото-презентация және бейнеролик көрсетілді. “Іздеуші мектебінің” үйлестірушілері Магзумов Н. Т. және Федоренко С. Г. сөз сөйледі.
Сөз соңында “Майдан жолы” жасағының командирі А.В. Шитов “Іздеуші мектебіне” қатысушыларды, жоба оқытушыларын сертификаттармен марапаттады. Александр Владимирович шын жүректен алғысын білдіріп, ИнЕУ жоғары колледжінің басшылығына, шақырылған қонақтарға фашизмді жеңіп Ұлы Жеңісті жақындатқандардың естеліктерін сақтау бойынша риясыз және адал еңбегі үшін Құрмет грамоталарын табыс етті.
ИнЕУ жоғары колледжінің басшылығы “Майдан Жолы” іздестіру жасағының мүшелеріне белгісіз сарбаздарды іздестірудегі риясыз жұмысы үшін алғыс білдірді. Іздеушілердің еңбегі өскелең ұрпаққа патриотизмді қалыптастыруда жарқын үлгі болып табылады. Конференцияны модератор-директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К. Апаева қорытындылап, сырттай “Майдан Жолы” команирі А.В. Шитовқа Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ЮНЕСКО кафедрасының профессоры Л.С. Ахметованың атынан « Біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз! » кітабын табыстады.