Қазақстан Республикасының чемпионатындағы жеңіс

        Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжінің жанкүйерлер клубы Қазақстанның жастар чемпионатында жүлделі орындарға ие болған Павлодар облысының «ERTIS» клубының баскетболдан ұлдар мен қыздар құрамаларын шын жүректен құттықтайды. Жарыста қыздар құрамасы күміс медаль иеленсе , ұлдар құрамасы  алтын жеңіп алды!

     ҚР жастар чемпионаты Талдықорғанда өтті. Баскетболдан ел біріншілігінің ұтыс ойыны 1999-2005 жылдары туылған командалар арасында өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қарсыластар өте лайықты болды, бірақ біздің жерлестеріміз жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болды!

     Бас бапкерлер -жастар командасының жаттықтырушысы Жұлдыз Байдусенованы және қыздар құрамасының жаттықтырушылары Алексей Еропкин мен Ирина Шавринаны жеңісімен құттықтаймыз!

  Сіздерге  сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!