Педагогтарға арналған семинар

Студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша оқытушыларға арналған семинар-практикум 2020 жылдың 9 желтоқсанында ИнЕУ жоғары колледжінің психологы Жетыбаева Г. Б. өткізілді.

Оны өткізудің мақсаты-студенттер арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу саласындағы педагогтердің психологиялық және жеке құзыреттілігінің деңгейін арттыру, “тәуекел тобының”студенттерін анықтау және түзету жұмыстары туралы педагогтердің білімін өзектендіру.

Практикалық сабақта келесі міндеттер шешілді:

– жасөспірімдердің суицидтік ниеттерінің белгілері, себептері мен механизмдері, суицидтік превенция нұсқалары туралы педагогтердің білім деңгейін арттыру;

– қатысушылардың әлеуетті суицидентпен қарым-қатынасқа дайындық дәрежесін, сондай-ақ осындай қарым-қатынас жағдайында өзекті болып табылатын өздерінің психологиялық ресурстарының болуы мен мүмкіндігін түсінуі үшін жағдай жасау;

– дағдарыстық жағдай және суицидтік қауіп белгілері бар жасөспірімдермен қарым-қатынас жағдайларында педагогтердің мінез-құлық репертуарын кеңейтуге ықпал ету;

– қатысушылардың психологиялық ресурстарын өзектендіру және “эмоционалды күйзелістен” қорғау тәсілдері;

– жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алуды жүргізуге педагогтердің кәсіби уәждемесінің деңгейін арттыруға ықпал ету.

Семинар барысында 1 және 2 курс сынып жетекшілері ұсынылған тақырып бойынша қажетті теориялық ақпарат алды, сондай-ақ ситуациялық  тапсырмаларды шешті.

Мұғалімдер үшін мұндай сабақтарды өткізу қажеттілігі баланың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесінің  өзектілігіне байланысты.

Баланың  кез-келген суицидалды мінез-құлық әрекеті үшін ересектер жауапты екендігін ұмытпаған жөн!